Михаил Шайдоров ресейлік платформаға сұхбат берді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, қысы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Okko платформасына берген сұхбатында не себепті Сочиден елге оралғанын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Сен бір жыл бұрын Сочиден Қазақстанға қайттың. Көшу қаншалықты қиын болды және қазір үйдегі жағдайың қалай?
— Сочиде өзімді әрдайым жайлы сезіне бермедім. Себебі мен Қазақстанды көбірек жақсы көремін. Ол жақта жүрген маған өте ұнайды. Дайындық та жақсы өтті. Өйткені маған барлық жағдай жасалды. Мұз айдыны болды. Тіпті жеке киім ауыстыратын бөлмем де бар еді.
Шынын айтқанда, дайындық жақсы деңгейде өтті. Алексей Евгеньевич кейде маған өзі келіп тұрды. Бірақ негізінен біз онлайн режимде жұмыс істедік. Әсіресе жарыстардың алдында ол жиі келіп, содан кейін бірге жолға шығатынбыз.
Қазақ халқы Михаил Шайдоровқа үлкен құрмет көрсетуде
Михаил Шайдоровты дайындаған мамандардың айлығы жарияланды
Михаил Шайдоров алтын әкелген костюмін Олимпиада мұражайына табыстады