Президент хоккейдің отанында топ жарған жас хоккейшілерді құттықтады
«Astana Team» балалар хоккей командасы Канадада өткен Quebec International Pee-Wee финалында «Нуар э Ор де Мортаньді» (Канада) жеңіп (4:3), чемпион атанған болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл cенсациялық жетістік отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті.
Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді. Ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтарды жеңген жас спортшылардың шеберлігі мен жеңіске деген жігеріне ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, бұл дода 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және балалар арасындағы ең мәртебелі турнир саналады.
Қазақстандық жас хоккейшілер тарихи жеңіске қол жеткізді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или