UFC дірілде — Әліби Ыдырыс келе жатыр!
UFC-дегі қазақстандықтардың саны ресми түрде өсті. Ақтөбе «Еркін Күш» жекпе-жек клубының өкілі Әліби Ыдырыс әлемнің ең мықты аралас жекпе-жек лигасын жеңіспен бастады. Біреулер Қазақстан өкілі Ямайкадан келген Оде Осборнға қарсы айқасқа күмәнмен қарады, алайда Әліби сауатты тактикамен қарсыластың барлық артықшылықтарын нөлге дейін төмендетуге болатындығын көрсетті.
22 ақпан күні таңертең Хьюстонда UFC Fight Night турнирінде қазақстандық Ыдырыс (11-1) үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен Ямайка өкілінен басым түсті. Бұған дейін қазақстандық жауынгер тамыз айының ортасында Чикагода өткен UFC турнирінде америкалық Джозеф Моралеске қарса жекпе-жек өткізген болатын, алайда бұл жекпе-жек The Ultimate Fighter реалити-шоуының финалы аясында өтті. Сол себепті кешегі жеңісті жекпе-жек Әліби үшін келісімшартқа отарғаннан кейінгі UFC-дегі дебют болды.

Prosports.kz тілшісі жеңісінен кейін Әліби Ыдырыспен байланысқа шықты және ол эксклюзивті сұхбатында бұл күнге қалай жеткенін ашып айтты.
- Әліби, Оде Осборнмен жекпе-жек сіз үшін қиын болды ма? Онымен ашық айқасқа түсу қиын болды ма?
- Осборнмен жекпе-жек онша қиын болған жоқ. Басында бізге Осборн берілгенде, тактика қойып, сол бойынша жұмыстандық.
- Яғни, бәрі қалағандай болды ма? Жалпы, бұл жекпе-жекті өзіңіз үшін қалай бағалайсыз?
- Иә, біз үш раундты да алдық. Жоспарлағандай болды бәрі. Ол өзімен күресте жеңілді десе болады.

- Рамазан айында жекпе-жек өткізу қиын болды ма? Немесе қасиетті айдың басында проблемалар көп болған жоқ па?
- Жоқ, бізде Рамазан енді ғана басталып жатыр, мұндай проблема болған жоқ. Міне, жекпе-жек аяқталды - бізде Рамазан енді басталады.
- Егер кейінірек UFC Рамазан айында тағы жекпе-жек қойса, келісесіз бе?
- Жоқ. Егер болашақта айдың ортасында немесе соңында қойылса, мен бұл уақытта күреспеймін деп ойлаймын. Менің ойымша, олар түсіністікпен қарайды.

- Сіз UFC турнирлеріне екінші рет қатысып отырсыз, дегенмен бұл жекпе-жек сіз үшін ресми дебют болды. Көңіліңізден шықты ма?
- Бұл жолы жекпе-жек Техаста болды. Маған жалпы турнир ұнады, біз мұнда ерте келдік. Мұнда қазақтар көп.
- Енді UFC-де келесі жекпе-жекті қашан өткізесіз?
- Келесі жекпе-жек, менің ойымша, егер бәрі жақсы болса, шілде-тамыз айларында болады. Төрт-бес айдан кейін.

Қазақстандық файтер UFC-де қарсыласын сенімді жеңді