Құпиялылық сақталмады! Михаил Шайдоров жауапты министрлікке реніші барын жеткізді

Құпиялылық сақталмады! Михаил Шайдоров жауапты министрлікке реніші барын жеткізді

Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алған Михаил Шайдоров өзінің жалақысына қатысты мәліметтің жариялануына байланысты Туризм және спорт министрлігіне реніш білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшының айтуынша, табысына қатысты құпия ақпараттың көпшілікке таралуы оған ауыр тиген. Ол тарихи жетістіктің қаржы мәселесімен қатар талқылануы орынсыз болғанын жеткізді.

Шайдоров ел намысын қорғап, көк туды көкте желбіреткен сәтті мақтан тұтатынын атап өтті. Алайда дәл осы қуанышты кезеңде жеке жалақысының жария етілуі спортшыға деген құрметтің толық сақталмағанын аңғартатындай әсер қалдырған.

Оның сөзінше, ол тек жаттығып, жарысқа қатысып, нәтиже көрсетуге бар күшін салған. Ал басты назар спорттағы жетістікке емес, қаржы тақырыбына ауып кеткені түсініксіз.

Сонымен қатар мәнерлеп сырғанаушы басқа спортшылардың жалақысы бұрын-соңды ашық жарияланбағанын айтып, әлемдік тәжірибеде де мұндай ақпарат кеңінен таратыла бермейтінін еске салды. Спортта ең алдымен нәтиже мен оған дейінгі қажырлы еңбек бағалануы тиіс екенін айтты.

Михаил Шайдоровтың жалақысы белгілі болды

Қазақ халқы Михаил Шайдоровқа үлкен құрмет көрсетуде

Михаил Шайдоровты дайындаған мамандардың айлығы жарияланды

Михаил Шайдоров алтын әкелген костюмін Олимпиада мұражайына табыстады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или