Еламан Жетпісбай OCTAGON турнирінде өзбек файтермен кездеседі

Еламан Жетпісбай OCTAGON турнирінде өзбек файтермен кездеседі

Қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Еламан Жетпісбай (7-1-1) Орталық Азия жекпе-жек лигасының Octagon 85 турнирінде чемпиондық үшін төбелеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC-тің бұрынғы өкілі Азат Максұмның спарринг серіктесі 2 сәуірде Ташкентте өтетін жекпе-жек кешінде «Әмбебап сарбаз» лақап атымен танымал өзбек файтері Жамолиддин Рахмонжоновпен (7-1-1) кездеседі. Спортшылар ұйымның бос тұрған жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуге таласады. Екі файтер де соңғы төрт кәсіби жекпе-жегінде жеңілмеген.

OCTAGON 85 турнирінің басты жекпе-жегі жартылай орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жек болады, онда қазіргі титул иегері қазақстандық Богдан Пшебельский (7-2) өзбекстандық Шохасан Мирзаматовпен (16-4) кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или