Олимпиада: АҚШ үздік шыққан хоккей турнирінің үздіктері анықталды
АҚШ топ жарған Миландағы Олимпиада турнирінің ең үздік хоккейшілерінің есімдері жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командасымен екінші орын алған канадалық шабуылшы Коннор МакДэвид «Ең құнды ойыншы» (MVP) атанды.
МакДэвид сонымен қатар «Ең үздік шабуылшы» сыйлығын жеңіп алды. Америкалық Куинн Хьюз «Ең үздік қорғаушы» атанды, ал оның отандасы Коннор Хеллебюк «Ең үздік қақпашы» атанды.
Турнирдің жұлдыздар командасына қақпашы Коннор Хеллебюк (АҚШ), қорғаушылар Куинн Хьюз (АҚШ) және Кейл Макар (Канада), сондай-ақ шабуылшылар Коннор МакДэвид (Канада), Маклин Челебрини (Канада) және Юрай Слафковски (Словакия) кірді.
«Барыс» - «Северсталь» матчына бейнешолу
Канадалық команда қазақстандық хоккейшімен бірге жеңіске жетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или