Анна Данилина әлем рейтингіде өз рекордын қайта жаңартты
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина әлемдік рейтингіде 7-ден 6-орынға көтерілді. Сөйтіп А.Данилина өзінің жеке рекордын қайта жаңартты.
Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге өткен аптада Дубай WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жетті.
Тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева 136-дан 140-қа, Юлия Путинцева 110-нан 156-ға төмендеді.
Жекелей сында Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина бұрынғыша үздік үштікті түйіндеп тұр.
Ю.Путинцева 78-дан 77-ге жоғарылады. Зарина Дияс 293-сатыда қалса, Ж.Құламбаева 390-нан 393-ке сырғыды.
Осы аптада Ю.Путинцева Мерида (Мексика) WTA 500 жарысында бақ сынайды. Оның алғашқы қарсыласы – іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, рейтингіде 122-сатыдағы андорралық Виктория Хименес Касинцева.
WTA рейтингі: Рыбакина үздік үштікте қалды, Путинцева бір орынға көтерілді