Микель Артета «Тоттенхэмді» жеңгеннен кейін бапкерлік рекорд орнатты

Микель Артета «Тоттенхэмді» жеңгеннен кейін бапкерлік рекорд орнатты

22 ақпанда ағылшын футболындағы ең маңызды матчтардың бірі өтті — Премьер-лиганың 27-турында «Тоттенхэм» өз алаңында «Арсеналды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

«Канонирлер» басты қарсыласын 4:1 есебімен ойсырата жеңіп, Виктор Дьекереш пен Эберечи Эзенің дубльдерінің арқасында айқын басымдық көрсетті. 

Айта кету керек, «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета қазір Премьер-лигада 20-дан астам Лондон дербиін өткізген барлық бапкерлердің ішінде ең жоғары жеңіс пайызын иеленіп отыр:

• 61% – Микель Артета (69 ойынның 42-сінде жеңіске жетті)• 60% – Жозе Моуринью (70 ойынның 42-сінде жеңіске жетті)• 55% – Арсен Венгер (194 ойынның 106-сында жеңіске жетті).

«Арсенал» қазір «Манчестер Ситиден» бес ұпайға алда, алайда Артета командасы бір ойын артық өткізген.


Қазақстандық қақпашы Әзірбайжан чемпионатында сәтті матч өткізді

АПЛ: «Арсенал» сырт алаңда «Тоттенхэмді» жеңді

Ла Лига: «Реал Мадридтің» қонақтағы матчында сенсация тіркелді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или