«Ақтөбе» келесі оқу-жаттығу жиынын Астанада өткізеді

«Ақтөбе» келесі оқу-жаттығу жиынын Астанада өткізеді

«Ақтөбе» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Серый Cardinal» Telegram арнасына сілтеме жасап.

Клуб ҚПЛ-дің жаңа маусымына дайындықтың соңғы кезеңін елордада өткізеді.

«Жоспар бойынша, команда 26-27 ақпанда Астанада бас қосады. Онда олар «Тобылға» қарсы бірінші турдағы матчқа дайындалып, ойынға бірнеше күн қалғанда Түркістанға ұшады», - деп жазды дереккөз.

Еске сала кетейік, Түркия оқу-жаттығу жиынының соңғы матчында «Ақтөбе» «Сочи» (Ресей) командасынан 0:3 есебімен жеңіліске ұшырады. ҚПЛ-дің жаңа маусымы басталмас бұрын «Ақтөбе» 2026 жылғы ҚПЛ-дің алғашқы үй ойындарын «Түркістан Аренада» өткізетіні жарияланған болатын. Чемпионаттың бесінші турында өз стадионына оралады.



«Хартс» бас бапкері Чесноковқа мақтауын аямады

Қазақстандық футболшы алғаш рет ШПЛ-де көзге түсті

Қазақстандық клубтың қатары бразилиялық ойыншымен толықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или