Стас Покатилов Әзірбайжан чемпионатында сәтті матч өткізді
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов ойнайтын «Сабах» футбол клубы Әзірбайжан Премьер-лигасының 21-ші турында «Капазды» минимал басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бакуде өткен матч 1-0 есебімен аяқталды. Жеңіс голын 88-минутта алаң иелерінің ямайкалық шабуылшысы Кахим Паррис соқты.
«Сабахтың» қақпашысы Стас Покатилов матчты капитандық белбеумен бастап, 90 минут бойы ойнады.
Бұл жеңіспен «Сабах» Премьер-лига турнир кестесінде екінші орында тұрған «Карабахтан» (Агдам командасының бір ойыны кем) жеті ұпайға озып кетті.
Биылғы маусымда 33 жастағы Стас Покатилов Әзірбайжан Премьер-лигасында 20 ойында алаңға шықты.
АПЛ: «Арсенал» сырт алаңда «Тоттенхэмді» жеңді
Ла Лига: «Реал Мадридтің» қонақтағы матчында сенсация тіркелді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или