WTA рейтингі: Рыбакина үздік үштікте қалды, Путинцева бір орынға көтерілді
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өз рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік үштік өзгеріссіз қалды: Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастап тұр, Польша өкілі Ига Швентек екінші, ал қазақстандық Елена Рыбакина үшінші орында.
Үздік ондықта бір өзгеріс болды: Жасмин Паолини жетінші орынға көтеріліп, ресейлік Мирра Андрееваны сегізінші орынға түсірді.
Өткен аптада Рыбакина Дубайдағы (БАӘ) хорватиялық Антония Ружичке қарсы ширек финалдық кездесуінде денсаулығына байланысты турнирден бас тартты.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева бір орынға көтеріліп, 77-ші орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или