ЧЛ: «Семей» Францияда ширек финалдағы матчын өткізеді. Тікелей трансляция
23-24 ақпан түні «Семей» футзал Чемпиондар Лигасының ширек финалының бірінші ойынында Францияның «Этуаль» командасымен сырт алаңда ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Этуаль» — «Семей» матчының тікелей эфирі Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:30-да басталады. Ойынды Qazsport арнасынан көруге болады.
Еске сала кетейік, осы Чемпиондар Лигасында «Семей» негізгі кезеңдегі 3-топта үш ұпаймен үшінші орын алды. Команда чехиялық Хрудимді (9-5) жеңіп, француздық «Этуальға» (3-4) және испаниялық «Пальмаға» (4-7) есе жіберді.
1/8 финалда «Семей» «Пястты»(3-3, 5-3) артта қалдырды.
Футзалдан Қазақстан U19 құрамасы ОЖЖ бастады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или