Олимпиада чемпионы таңдауы туралы айтты

Олимпиада чемпионы таңдауы туралы айтты

2026 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров не себепті Сочиден гөрі Қазақстанда жаттыққанды құп көретінін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионатқа сілтеме жасап.

Спортшының айтуынша, Сочиде әрдайым өзін жайлы сезіне алмаған. Ол Қазақстанда жаттыққанды көбірек ұнататынын айтты. Мұнда оған барлық қажетті жағдай жасалған: мұз айдыны берілген, тіпті жеке киім ауыстыратын бөлмесі болған. Дайындық үдерісі жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Шайдоров бапкері Алексей Урмановтың мезгіл-мезгіл келіп тұрғанын, алайда негізінен онлайн форматта жұмыс істегендерін айтты. Әсіресе жарыстар қарсаңында маман Қазақстанға келіп, сол жерден бірге турнирлерге аттанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или