UFC басшысы салмақ ауыстыруға асықпайтынын айтты

UFC басшысы салмақ ауыстыруға асықпайтынын айтты

UFC президенті Дана Уайт орта салмақтағы (84 кг дейін) ұйым чемпионы Хамзат Чимаевтің жақын арада жартылай ауыр салмаққа (93 кг дейін) өтетінін күтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Баспасөз мәслихатында Уайт Чимаев алдымен өз титулын қорғауы қажет екенін атап өтті. «Мен оның басқа дивизионға өтпей тұрып, белбеуін қорғағанын көргім келеді. Қалайша қорғамай жатып жоғары салмаққа көтерілуге болады?» деді ұйым басшысы.

31 жастағы Хамзат Чимаев UFC-дегі дебютін 2020 жылы өткізді. 2025 жылы орта салмақта чемпион атанды. Қазіргі уақытта оның ұйым аясындағы есебінде тоғыз жеңіс бар, жеңіліс тіркелмеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или