Негізгі жекпе-жекте америкалық Райан Гарсия жерлесі Марио Барриосты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Судьялардың есебінше, Гарсия барлық 12 раундта басым болған. Бірінші раундтың өзінде ол қарсыласын нокдаунға жіберді. Қорытынды есеп: 119-108, 120-107, 118-109.
Айта кетейік, бұл Гарсияның Девин Хейнимен болған жекпе-жектен кейінгі допинг дауына байланысты дисквалификациядан соң өткізген екінші айқасы болды.
27 жастағы Райан Гарсия кәсіби мансабын 2016 жылы бастаған. 2021 жылы жеңіл салмақта WBC-дің уақытша чемпионы атанса, 2023 жылдан бері жартылай орта салмақта өнер көрсетіп келеді.