Макгрегор келесі қарсыласына мән бермейтінін айтты

Макгрегор келесі қарсыласына мән бермейтінін айтты

37 жастағы UFC-дің бұрынғы қос салмақ дәрежесіндегі чемпионы Конор Макгрегор келесі жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ирландиялық спортшы әлеуметтік желідегі Х парақшасында қарсыласының танымал немесе белгісіз болуы маңызды емес екенін жазды. Оның айтуынша, ол ұсынысқа келісім берген және келісімшарт жіберуді күтіп отыр.

Еске салайық, Макгрегор соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде UFC 264 турнирінде октагонға шыққан. Ол кезде Дастин Порьеден бірінші раундта ауыр аяқ жарақатына байланысты техникалық нокаутпен жеңілген еді. Содан бері аралас жекпе-жек ережесі бойынша айқас өткізген жоқ.

Кәсіби мансабында Макгрегор 22 жеңіске жетіп, алты рет жеңілген. Бейресми мәліметтерге сәйкес, ол Ақ үйде өтуі мүмкін турнирдің кардында өнер көрсетуі ықтимал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или