«Барыс» командасы КХЛ-де «Северстальға» қарсы ойынға анонс жасады

«Барыс» командасы КХЛ-де «Северстальға» қарсы ойынға анонс жасады

«Барыс» ұзаққа созылған үй сериясын Батыс конференциясының көшбасшыларының бірі «Северстальге» қарсы кездесумен қорытындылайды. деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Плей-офф кезеңіне жолдаманы уақытынан бұрын рәсімдеген череповецтік команда жұма күні Челябинскіде «Трактордан» 2:5 есебімен жеңіліп, жеңіс сериясын тоқтатты. Команда сапында Александр Скоренов пен Иоаннис Калдис мергендігімен көзге түсті. Александр Самойлов пен Константин Шостак қақпаға бағытталған 22 соққыны қайтарды. Андрей Козырев бұл ойында ойыншыларының әрекеті басынан-ақ сәтсіз басталғанын, қателіктер көп болып, шайбаға бақылау жетіспегенін атап өтті.

59 матчтан кейін «Северстальдің» еншісінде 76 ұпай бар. Команданың үздік сұрмергені Руслан Абросимов (23+24) маусымның үздік мергендерінің қатарында. Александр Самойлов сенімділік коэффициенті бойынша (2,23) қақпашылар арасында үздік жетілікте. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Тимофей Давыдов пен шабуылшы Николай Чебыкин бар.

Өткен турда «Барыс» «Айдаһарларға» қарсы матчта жеңісті уыстан шығарып алып, овертаймда 3:4 есебімен есе жіберді. Гол авторлары осы маусымдағы 10-шы ұпайын еншілеген Әлихан Әсетов, команданың үздік бомбардирі Райли Уолш (12+25) және маусымдағы оныншы шайбасын соққан Мэйсон Морелли. Никита Бояркин 28 сейв жасады. Михаил Кравец үшінші кезеңде команда қажетсіз қателіктерге жол бергенін айтты.

59 кездесуден кейін қазақстандық клуб 46 ұпай жинады. Райли Уолш маусымдағы қорғаушылар-сұрмергендер арасында үздік төрттікке кіреді.

«Барыс» – «Северсталь» матчы Астана уақытымен 17:00-де басталады.


ҚХЛ: «Барыс» — «Северсталь». Тікелей трансляция

ҚХЛ: «Барыс» өз алаңында «Шанхай айдаһарларымен» кездесті

Канадалық команда қазақстандық хоккейшімен бірге жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или