Шахмурза Адырбековтың командасы Словакияда сәтсіз матч өткізді
Қазақстандық футболшы Шахмурза Адырбеков ойнайтын «Тренчин» футбол клубы Словакия чемпионатының 21-ші турында өз алаңында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рикардо Муництің командасы «Земплин Михайловцеден» 2-1 есебімен жеңілді.
Тренчиннің 19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушысы Шахмурза Адырбеков 87-минутта алаңға шықты.
Шахмурза Адырбеков биылғы маусымда Словакия чемпионатында алты ойын өткізді.
«Тренчин» клубы қазіргі уақытта лига кестесінде оныншы орында, ал «Земплин» алтыншы орында.
«Хартс» бас бапкері Чесноковқа мақтауын аямады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или