«Хартс» бас бапкері: Чесноков өте еңбекқор
«Хартс» командасының бас бапкері Дерек Макиннес қазақстандық Ислам Чесноковтың прогрессі мен жұмыс этикасын жоғары бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ол дұрыс бағытта келе жатыр. Исламға барлық командаластары сенім артады. Біз оның жұмысына қаншалықты адал екенін көріп отырмыз. Өте еңбекқор. Бүгінге дейін дәл осындай еңбекқор қаптал футболшысымен жұмыс істеп көрмеппін. Чесноковтың барған сайын сенімді болып келе жатқанын сеземіз.
Менің ойымша, ол біртіндеп өз орнын тауып, команданың бір бөлігі сияқты сезіне бастады. Оның баспасөзбен сөйлесуге дайын екенін білмеймін, бірақ оның ағылшыны жақсарып келеді және біз оған өте ризамыз», - деді Макиннес матчтан кейінгі сұхбатында.
Айта кетейік, 26 жастағы қазақстандық клубтағы алғашқы голын «Фалкирк» қақпасына соғып, командасына жеңіс сыйлады. 28 матчтан кейін 60 ұпай жинаған «Хартс» екінші орындағы «Рейнджерстен» бес ұпа озып тұр. Дегенмен, қарсылас бүгінге дейін 27 ойын өткізген.
Қазақстандық футболшы алғаш рет ШПЛ-де көзге түсті