Қазақстандық файтер UFC-де қарсыласын сенімді жеңді
Қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс (10-1) UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жерлесіміз Техас штатының Хьюстон қаласында өткен UFC Fight Night 267 турнирінде америкалық спортшы Оди Осборнмен (13-9) кездесті. Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылды. Қорытындысында Әліби төрешілер шешімімен сенімді жеңіске жетті.
Әліби мансабындағы он бірінші жеңісін тойлады.
Кештің басшы шайқасында UFC-дің орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Шон Стрикленд Энтони Эрнандеспен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или