UFC чемпионы қаржылық мәселе маңызды емес екенін жеткізді

UFC чемпионы қаржылық мәселе маңызды емес екенін жеткізді

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев жеңіл дивизионның өкілі Арман Царукянмен грэпплинг жекпе-жегін өткізу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Махачевтің айтуынша, ережесіз жекпе-жек форматында олардың айқасы әлдеқайда тартымды болар еді. Ал тек грэпплинг кездесуі де үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін, бірақ қазіргі таңда оған бұл ұсыныс қызық емес. Ол өзіне түрлі ұсыныстар түскенін, алайда қаржылық жағы бірнеше жылдан бері басты фактор емес екенін атап өтті. Сонымен бірге, толыққанды жекпе-жек пен грэпплинг кездесуінің гонорары тең болмайтынын айтты.

Махачев соңғы рет 2025 жылдың қарашасында UFC 322 турнирінде Джек Делла Маддаленамен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақта чемпион атанған еді.

Ал Арман Царукян 2025 жылдың қарашасында UFC Fight Night 265 турнирінде Дэн Хукерді екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген. Оның кәсіби рекорды – 23 жеңіс және үш жеңіліс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или