Норвегиялық шаңғышы жаңа рекорд орнатты

Норвегиялық шаңғышы жаңа рекорд орнатты

Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо Италияда өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарында алты алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сенбі күні ол 50 шақырымға классикалық стильдегі масс-старт жарысында топ жарды. Бұған дейін Клебо жекелей стартта, скиатлонда, жеке және командалық спринтте, сондай-ақ эстафетада алтын медаль иеленген болатын. Осылайша ол қатысқан барлық жарыста жеңіске жетті.

Клебо бір Олимпиада аясында жеңіп алған алтын медаль саны бойынша жаңа рекорд орнатты. Бұған дейін бұл көрсеткіш америкалық конькиші Эрик Хайденге тиесілі еді — 1980 жылғы Олимпиадада бес алтын алған. 29 жастағы Клебо қысқы ойындардағы алтын медальдарының жалпы санын 11-ге жеткізіп, өз рекордын да жаңартты. Ол сондай-ақ 15 дүркін әлем чемпионы және бес рет Әлем кубогын жеңіп алған.

Айта кетейік, 50 шақырымдық марафон жарысына Қазақстан атынан Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков қатысты. Башмаков 12,6 шақырымда жарыстан шығып қалды, сол сәтте ол 51-орында келе жатқан еді. Ал Мұратбеков 41,4 шақырымға дейін жетіп, 46-орында болғанымен, уақыт лимитінен асып кеткендіктен жарыстан шеттетілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или