АҚШ боксшысы 2026 жылы ресми жекпе-жек өткізбек

АҚШ боксшысы 2026 жылы ресми жекпе-жек өткізбек

Бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған америкалық Флойд Мейвезер кәсіби мансабын қайта жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 жастағы боксшы сәуір айында Майк Тайсонмен көрме жекпе-жек өткізгеннен кейін, 2026 жылдың жазында алғашқы ресми айқасын өткізуді жоспарлап отыр. Қарсыласының есімі кейінірек жарияланады. Мейвезер CSI Sports/Fight Sports промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойған.

Бұл – оның кәсіби рингке төртінші рет оралуы. Бұған дейін ол 2007, 2015 және 2017 жылдары мансабын аяқтағанын жариялаған. Соңғы ресми жекпе-жегін 2017 жылдың тамызында Конор Макгрегорға қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. Осылайша мансабындағы көрсеткішін 50 жеңіс, 0 жеңіліске жеткізген.

Мейвезер алдағы жекпе-жектерінің үлкен қызығушылық тудыратынына сенімді екенін айтты. Оның сөзінше, Тайсонмен айқас пен келесі кәсіби жекпе-жек көрермен саны, жаһандық аудитория және қаржылық табыс жағынан өзгелерден асып түседі.

Мейвезер мансабында өз дәуірінің мықтыларын жеңген. Оның Мэнни Пакьяо, Конор Макгрегор және Сауль Альвареске қарсы жекпе-жектері бокс тарихындағы ең табысты оқиғалардың қатарында. Бұған дейін Пакьяо 2026 жылы реванш өткізу жөнінде келіссөздер жүріп жатқанын айтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или