Олимпиада-2026: конькимен жүгіруші Елизавета Голубеваның финалдағы нәтижесі
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Елизавета Голубева Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында 16-орын алды.
Отандасымыз әйелдер арасындағы масс-стартта финалдық кезеңге дейін жетті.
Шешуші жарыста Голубева 16-орында мәреге жетіп, Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады.
Бұл сында алтын медальді нидерландтық Марейке Груневауд жеңіп алды. Күміс жүлде канадалық Иванье Блонденге бұйырды. Ал АҚШ спортшысы Миа Манганьелло қола медаль иеленді.
Айта кетейік, бұл - Италиядағы Олимпиадада конькимен жүгіруден өткен соңғы жарыс түрі болды.
Бұған дейін Елизавета Голубева 1500 метр қашықтықта жетінші орын алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или