Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиада финалына шықты

Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиада финалына шықты

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Елизавета Голубева Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалында өнер көрсетті.

Спортшы әйелдер арасындағы масс-старт жарысында ел намысын қорғауда.

Аталған бағдарламада бәсекелер жартылай финалдан басталды. Голубева екінші жарыста сынға түсті. Финалға шығу үшін спортшыға алғашқы сегіздіктің қатарына ену қажет болды.

Голубева жетінші болып мәреге жетіп, финалға жолдама алды. Шешуші жарыста 16 спортшы бақ сынайды.

Финал 21:15-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или