Қазақстандық шорт-трекші: «Ал жеңіліс әрдайым жетім...»

Қазақстандық шорт-трекші: «Ал жеңіліс әрдайым жетім...»

Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы, шорт-трек шебері Денис Никиша 2026 жылғы Қысқы Олимпиада қорытындысы бойынша әлеуметтік желіде эмоциялық жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы Instagram парақшасында жеңіліс дәмінен көңілі түскенін жеткізді.

«Жеңістің әкесі көп, ал жеңіліс әрдайым жетім» деген қанатты сөзбен бөлісті. Бұл пікір Олимпиададағы тартысты бәсекеден кейінгі көңіл күйін аңғартты.

Айта кетелік, Никиша 500 метр қашықтықта жартылай финалда 40,871 секунд нәтиже көрсетіп, төртінші орын алған еді. Ал жұбату финалында 41,948 секундпен екінші болып, жалпы есепте Олимпиаданы жетінші орынмен аяқтады. Осылайша, ол Қазақстан құрамасы сапындағы шорт-тректен ең үздік нәтиже көрсеткен спортшы атанды.


Қазақстандық шорт-трекші: «Ал жеңіліс әрдайым жетім...»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или