Қазақстандық конькиші Олимпиада финалына шықты
Қазақстандық конькиші Елизавета Голубева 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы масс-стартта финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда ол екінші жарыста сынға түсіп, 14 спортшының ішінде жетінші орын алды. Бұл нәтиже финалға шығу үшін жеткілікті болды. Талап бойынша әр жартылай финалдан сегіз үздік спортшы шешуші кезеңге өтті. Медальдар Қазақстан уақытымен 21:15-те сарапқа салынады.
Айта кетелік, Олимпиада 22 ақпанда аяқталады. Қазақстан қоржынында бір медаль бар. Атап айтқанда, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сенсациялық түрде алтын алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или