Норвегиялық шаңғышы алты алтын алды
Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында алты алтын медаль жеңіп, бір олимпиадада рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сенбі күні Клебо 50 км классикалық стилдегі жалпы старт бәсекесінде жеңіске жетті. Бұған дейін ол Италияда жеке старт, скиатлон, жеке және командалық спринт, эстафета жарыстарында да алтын алған. Осылайша, ол қатысқан барлық жарыстарда жеңіске жетіп, бұрын америкалықъ Эрик Хайден (1980 жылғы Олимпиадада 5 алтын) қол жеткізген рекордты жаңартты.
29 жастағы Клебо қысқы Олимпиадалардағы алтын медальдерінің жалпы санын 11-ге дейін жеткізіп, өз рекордын да жаңартты. Ол 15 мәрте әлем чемпионы, 5 мәрте Әлем Кубогының иегері болып табылады.
Айта кетелік, қазақстандықтар да марафондық 50 км жарысына қатысты. Наиль Башмаков пен Амиргали Муратбеков. Башмаков 12,6 км-ден кейін жарысты тоқтатса, Муратбеков 41,4 км жүріп 46-орында тұрған сәтте лимиттен асып кеткендіктен жарыстан шығарылды.