Сәтпаевтың командасы жасанды интеллектпен келісімге отырды

Сәтпаевтың командасы жасанды интеллектпен келісімге отырды

Лондондық «Челси» клубы алғаш рет жасанды интеллект саласындағы IFS компаниясымен титульдік келісімге отырды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Келісім 2028 жылға дейін күшінде болады, алайда титульдік спонсор ретінде тек 2025/2026 маусымының соңына дейін көрсетіледі. Логотип клубтың ерлер және әйелдер командаларының формасында осы демалыс күндері Англия чемпионатындағы матчтардан бастап көрініс табады.

Клуб президенті Джейсон Ганнон: «Бұл серіктестік біздің алдыңғы қатарда болуымыздың және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, алаңда және одан тыс барлық ісімізді жетілдіруді қалайтынымыздың белгісі» деді.

Айта кетелік, 21 ақпанда «Челси» өз алаңында «Бёрнли» командасын қабылдайды. Бапкер Лиам Росеньор басқаратын команда ағымдағы турнир кестесінде 5-орында, 44 ұпаймен тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или