Әліби Ыдырыс дебютін тікелей эфирде көріңіз
21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні (Мәскеу уақытымен) АҚШ-тың Хьюстон қаласында аралас жекпе-жектен ірі турнир — UFC Fight Night 267 өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде бұрынғы орта салмақ чемпионы Шон Стрикленд отандасы Энтони Эрнандеспен октагонда жолығады.
Келісілген айқаста Джефф Нил мен Урош Медич жартылай орта салмақта күш сынасады. Жанкүйерлер бұл кездесуде мерзімінен бұрын аяқталатын тартысты күтіп отыр
Ал қазақстандық жанкүйерлер үшін басты жаңалық Әліби Ыдырыс әлемдегі ең беделді ММА ұйымы Ultimate Fighting Championship аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Оди Осборн (13-9).
Айта кетелік, жекпе-жек шамамен Қазақстан уақыты бойынша 05:00-де басталады. Тікелей трансляцияны осы жерден көруге болады: Тікелей көрсетілім