«Өз басым бұл проблема емес» - «Зенит» жұлдызы Әліптің сөзіне жауап берді

«Өз басым бұл проблема емес» - «Зенит» жұлдызы Әліптің сөзіне жауап берді

Санкт-Петербургтің Зенит клубында шу туды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп командаласы туралы айтқан тосын мінездемеден кейін, ресейлік жартылай қорғаушы Максим Глушенков үн қатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Әліп: «Макстың өз ойыны бар. Бір матчта өте жақсы ойнайды, бір матчта ойыны жүрмей қалады. Бірақ көңіл күйі үнемі бірқалыпты»  деп сипаттама берген еді.

Бұл сөздерге Глушенков әзілмен жауап берді. Оның айтуынша, өз мінезі өзі үшін ешқандай проблема емес, ал басқалар қалай қабылдайтыны олардың өз еркі. 

Айта кетелік, сонымен қатар футболшы өзін ашық әрі жарқын мінезді адам ретінде атап, команда ішінде барлық ресейлік ойыншылармен қарым-қатынасы жақсы екенін жеткізді.

Қазақстандық шорт-трекші: «Ал жеңіліс әрдайым жетім...»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или