Жәнібек Әлімханұлы: «Аллаға шүкір! Титул сақталды!»
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы маңызды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшы дисквалификация мерзімі аяқталған соң, биылғы жылдың желтоқсанында шаршы алаңға қайта шығуды жоспарлап отыр.
Жәнібектің тобының мәліметінше, WBO оны 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстардан шеттеткен. Дегенмен ең басты чемпиондық атақ өз қолында қалды
«Аллаға шүкір, титул сақталды. Желтоқсанда қайта ораламыз!» деп мәлімдеді боксшының өкілдері.
Айта кетелік, бұған дейін допинг-сынамада мельдоний табылып, соның салдарынан WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жоспарланған айқас өтпей қалған еді.
«Странджа» халықаралық турниріне қатысатын боксшылар белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или