Қазақстандық спортшы «Мен құрамаға барымды бердім»
Қазақстан ұлттық құрамасы мен Қостанайдың «Тобол» клубының футболшысы Асхат Тағыберген ұлттық командаға қайтып келу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшы ұлттық құрамаға қайта оралуы белгісіз екенін жеткізді.
«Мен құрамадағы мансабымды аяқтадым. Мүмкін Талғат Байсуфинов мені жастарға көмектесетін адам ретінде қарастырып қалар» деді ол «ASnews» ютуб арнасына берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол көмек көрсетуге әрқашан дайын екендігін хабарлады.
«Егер олар мені шұғыл қажет сәтте шақырса, көмек көрсетуге дайынмын. Бірақ қайта барғаным, дұрыс болмас. Мені аса құрметпен, сыйлап шығарып салды. Мен құрамаға барымды берген адаммын деп ойлаймын» деп жеткізді ол.
Айта кетелік, Тағыберген Қазақстан құрамасында 63 матч өткізген және 3 гол соққан болатын.