«Маған медаль қажет емес» деп айтқан спортшы Олимпиада чемпионы атанды

«Маған медаль қажет емес» деп айтқан спортшы Олимпиада чемпионы атанды

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Алиса Лью Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Чемпионның сөзіне сүйенсек, оған медаль қажет болмаған. Бар қалауы - мұз үстінде көрермендерге шоу көрсетуді һәм өзі қалаған әшекейлер көмкерілген жарқыл көйлегін киюді мақсұт еткен. 

«Алтын медаль? Маған ол қажет емес. Ал сахна керек болды, мен оны алдым. Сондықтан бәрі де керемет өтті. Тіпті әр секірісімде құлап қалсам да, мен сол көйлекте сырғанауды жалғастыра беретін едім. Мен көрермендер үшін шоу жасауым керек еді» деп жеткізді оның сөзін National Public Radio.

Жалпы есеп бойынша Лью (226,79 балл) күмісті ұтқан жапон спортшысы Каори Сакамотодан тек 1,89 балл артық алып, Олимпиаданың алтын алқасын тағынып отыр.

Айта кетелік, басты үміткер саналған ресейлік спортшы (Аделия Петросян) алтыншы орынмен жарыс жолын аяқтады.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или