Олимпиада қалашығындағы спортшылар індетке шалдығып жатыр
Олимпиада қалашығындағы шведтік шаңғышылар Фрида Карлссон, Йонна Сундлинг және Эдвин Ангер 2026 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін өздерін нашар сезініп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазіргі таңда олар Олимпиада қалашығынан шығарылған жоқ. Дегенмен, келесі жарыстарға қатысып-қатыспауы беймағлұм.
Швецария құрамасының өкілі SVT-ге берген сұхбатында: «Карлссон таңертең өзін жайсыз сезінді, жеңіл суық тию белгілері бар, сондықтан қазір жаттығудан бас тартады» деп хабарлады.
Сонымен қатар Expressen басылымы Йонна Сундлинг пен Эдвин Ангердің тамақ ауруынан зардап шегіп отырғанын жазды.
Айта кетелік, 2026 жылғы Қысқы Олимпиада Италияда 6–22 ақпан аралығында өтеді. Іс-шара барысында 116 марапат жиынтығы сарапқа салынып жатыр.
Михаил Шайдоров алтын әкелген костюмін Олимпиада мұражайына табыстады