Ашық киінген конькишіге жаза қолданылмайды
Ютте Лерда конькимен жүгіру жарысында костюмін ашып, спорттық топын көрсеткеніне қарамастан жазаға тартылмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 жастағы нидерландтық конькиші Олимпиадада екі жүлде жеңіп алды: 1000 м қашықтықта алтын, 500 м қашықтықта күміс. Жарыс соңында Лердам костюмін ашып, Nike брендінің спорттық іш киімін көрсетті.
ХОК маркетинг директоры Анна-Софи Воумард бұл әрекетті спорттық бизнес дәстүріне балады.
«Конькишілер көбіне жарыстан кейін костюмін ашады, себебі ол қысып тұруы мүмкін. Бұл ешқандай маркетинг емес, қарапайым әр спортпен айналысатындардың әдеті» деді Воумард.
Лердам әлеуметтік желіде Милан Олимпиадасының ең танымал спортшысына айналды, оның аудиториясы 7 миллионнан асады. Ол американдық видеоблогер және боксёр Джейк Полмен жұптасқан.
Айта кетелік, Ақ ойын 22 ақпанда аяқталады.