Қайрат Нұртас Олимпиада алтынынан соң Денис Теннің анасына барды
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы тарихи жетістігінен кейін марқұм спортшы Денис Теннің анасы Оксана Тенге арнайы барып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өнер иесі Оксана Тенге үлкен гүл шоғын табыстап, жылы лебізін білдірді.
«Батырымыз Денис Теннің анасы – халықтың мақтанышы. Біздің қаһарманымыз әрдайым жүрегімізде» деп жеткізді әнші.
Айта кетелік, Денис Тен автокөлігінің айнасын ұрламақ болған күдіктілермен қақтығыс кезінде ауыр жарақат алып, қан жоғалтудан небәрі 25 жасында қыршынынан қиылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или