Олимпиада-2026: Биатлоншы тоғыз медаль алып, рекорд орнатты

Олимпиада-2026: Биатлоншы тоғыз медаль алып, рекорд орнатты

Кентен Фийон Майе Олимпиада ойындарында Франция тарихындағы ең көп жүлде алған спортшы ретінде танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

33 жастағы биатлоншы қола медаль жеңіп алып, Олимпиададағы жалпы жүлде санын тоғызға жеткізді. Оның еншісінде бес алтын, үш күміс және бір қола медаль бар.

Осы көрсеткіштің арқасында Фийон Майе бұрын сегіз жүлдемен рекорд ұстап тұрған семсерлесушілерді, атап айтқанда Филипп Катьо мен Роже Дюкре жетістігін басып озды.

Сондай-ақ жеті медаль еншілеген атақты спортшы биатлоншылар да (Мартен Фуркад пен дзюдошы Тедди Ринер) тарихи тізімде одан кейінгі орынға түсті.

Айта кетелік, Миланда өтіп жатқан Олимпиада 22 ақпанда аяқталады.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или