Олимпиада-2026: Қазақстан конькимен жүгіруден жүлдеге таласты
Миландағы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта конькимен жүгіру жарысы өтті. Қазақстан намысын үш спортшы қорғады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ең үздік нәтижені Елизавета Голубева көрсетті. Ол 1:54.86 уақытпен мәреге жетіп, жеңімпаздан 0.77 секундқа ғана қалып, жетінші орын иеленді.
Надежда Морозова 12-орынға тұрақтаса (+1.67 секунд), Арина Ильященко 24-нәтиже көрсетті (+4.34 секунд).
Алтын медаль нидерландтық Антуанетта Рейпмаде Йонг еншісіне тиді (1:54.09). Күміс жүлдені норвегиялық Райне Виклунд (+0.06), ал қола медальді канадалық Валери Малте (+0.31) жеңіп алды.
Айта кетелік, қазақстандық спортшылар жүлдеге жақын болғанымен, бұл жолы тұғырға көтеріле алмады. Әйткенмен, аталмыш қашықтықта жетінші орын әлемдік деңгейдегі жоғары көрсеткіш болып саналады.