«Қайраттың» капитаны «Қайсарды» таңдады
«Қайрат» көшбасшысы Сұлтан Асқаров ресми түрде «Қайсар» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
21 жастағы орталық қорғаушы жаңа маусымды Қызылорда клубында өткізеді. Ол «Қайсарға» алматылық клубтан маусым соңына дейін жалға берілді.
Өткен маусымда қорғаушы Жетісу сапында өнер көрсетіп, Қазақстан Премьер-лигасында 21 матчқа қатысып, 2 гол соқты. Қазақстан U-21 құрамасында 2024 жылдың наурызында дебют жасап, бүгінге дейін 11 ойын өткізген.
Айта кетелік, Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 150 мың еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или