Қазақстандық жас хоккейші Америка командасынан шақырту алды
Қазақстандық қорғаушы Арман Төлен 18 жасқа дейінгі «Академия Атлантик Кост» командасының сапында өнер көрсетіп жүріп, келесі маусымда клубын ауыстырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөздің мәліметінше, 17 жастағы қорғаушы NAHL лигасында ойнайтын «Норд-Ист Дженералс» командасына ауысады.
Айта кетейік, биылғы маусымда Арман Төлен 61 матчта 51 ұпай (17 гол + 34 нәтижелі пас) жинады. Бұған дейін ол «Кливленд Бэронс», «Ханибэйкед» және 16 жасқа дейінгі «Академия Атлантик Кост» командаларында өнер көрсеткен.
Канадалық команда қазақстандық хоккейшімен бірге жеңіске жетті
Хоккейден Қазақстан чемпионы соңғы турда анықталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или