Олимпиада чемпионын дайындаған мамандардың айлығы жаға ұстатты
ҚР Туризм және спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаудан Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоровтың жетістігіне үлес қосқан бапкерлердің айлығын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Спортшының жеке бапкері Алексей Урмановтың 2025 жылғы еңбекақысы (ҚР ТСМ ДРС және федерация желісі бойынша) 26 000 000 астам теңге болды.
Хореограф И.В. Регинаның 2025 жылғы еңбекақысы (ҚР ТСМ және федерация желісі бойынша) 23 000 000 теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, күні кеше ғана ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев спортшының айлығы 1,5 млн теңге болғанын айтып еді.
Михаил Шайдоров — Олимпиада чемпионы!
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или