Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жеке рекордын жаңартып, Олимпиадада үздік ондыққа енді
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында сайыстар аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
Төртжылдықтың басты додасында Қазақстан намысын Софья Самоделкина қорғады.
Қысқа бағдарламадан кейін мәнерлеп сырғанаушы 12-орында тұрған еді. Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 138.99 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша 207.46 ұпай еншілеп, жеке рекордын жаңартты. Нәтижесінде қазақстандық спортшы оныншы орынға ие болды.
Алиса Лью (АҚШ) 226.79 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды Каори Сакамото (Жапония) иеленді - 224.90 ұпай. Ами Накаи (Жапония) 219.16 ұпаймен қола медальға ие болды.
Айта кетейік, ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
Қазақстандық Олимпиада чемпионы танымал рэпермен биледі
Қысқы Олимпиадада алғаш рет анасы мен баласы жарысқа қатысты
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы: «Аделия Петросян жеңіліп қалуы мүмкін»