«Ұлытау» сапына никарагуалық шабуылшы қосылды

«Ұлытау» сапына никарагуалық шабуылшы қосылды

Никарагуалық шабуылшы Ариагнер Стивен Смит ресми түрде «Ұлытау» командасына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ариагнер Стивен Смит - Ұлытаудың жаңа шабуылшысы!

Никарагуалық ойыншы ресми түрде «Ұлытау» сапына қосылды.

Жасы: 27

Бойы: 1,86 м

Позициясы: орталық шабуылшы

Карьерасын Реал Эстели клубында бастаған. Кейін Латвияның Спартак Юрмала, Өзбекстанның Локомотив Ташкент және Қызылқұм, Ресейдің Велес, Беларусьтің Спутник клубтарында өнер көрсеткен. Соңғы клубы Литваның Паневежисі болды.

Ариагнер Никарагуа ұлттық құрамасының барлық жас ерекшеліктеріндегі командаларында ойнаған, негізгі құрамасында 24 матч өткізіп, 7 гол соққан. Клубтық карьерасында 206 ойын өткізіп, 62 гол соғып, 22 нәтижелі пас жасаған.

Қош келдің, Ариагнер! Жаңа маусымда сәттілік тілейміз!» - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.


«Ұлытау» мен грузиялық команда арасындағы ойында төрт доп соғылды

«Қайрат» оқу-жаттығу жиынын сәтті аяқтады

Қазақстан Даму кубогын жеңіспен бастады

Қазақстан чемпионының түлегі «Атырауға» ауысты


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или