«Астана» Назми Грипшиді ресейлік клубқа сатты
«Астана» футбол клубы көшбасшыларының бірі Назми Грипшиді Ресейдің «Рубин» клубына сатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тараптар 2029 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Иван Карповтың мәліметінше, Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін Қазан қаласының командасы бұл трансфер үшін 35 миллион рубль, яғни шамамен 450 мың доллар төледі. Ал албаниялық жартылай қорғаушының өзі ай сайын 50 мың доллар көлемінде жалақы алады.
Айта кетейік, өткен маусымда Назми Грипши «Астана» сапында 18 гол соғып, Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені атанды.
«Қайрат» оқу-жаттығу жиынын сәтті аяқтады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или