Исламғали Қозбақов жаңа қызметке тағайындалды

Исламғали Қозбақов  жаңа қызметке тағайындалды

Қызылорда облыстық садақ ату федерациясының жаңа басшысы болып белгілі кәсіпкер, «Қайсар» футбол клубының иесі Исламғали Айтуарұлы Қозбақов тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қаланың сол жағалауындағы «Kaysar Arena» стадионында облыстық садақ ату федерациясының жаңа басшысын сайлауға арналған арнайы жиын өтті.

Оған ҚР Ұлттық садақ ату федерациясының президенті Азамат Есентайұлы Өсімбеков, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы Артаев, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында ҚР Ұлттық федерациясының өкілдері облыстық Садақ ату федерациясының жаңа басшысы ретінде белгілі кәсіпкер Исламғали Айтуарұлы Қозбақовты таныстырды. Қатысушылар тарапынан жаңа кандидатура қолдау тауып, нәтижесінде аталмыш федерацияға жаңа басшы сайланды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кәсіпкер Исламғали Айтуарұлы қазіргі таңда жергілікті «Қайсар» футбол клубын басқаруда. Ендігі кезекте ол өңірде олимпиадалық спорт түрлеріне енгізілген садақ ату спортын жетілдіруге және оның кәсіби сипатын арттыруға күш салмақ.

Сонымен қатар, 11 мың орындық жаңа стадион «Kaysar Arenaда» садақ ату үйірмесі ашылып, өз жұмысын бастады. 

Қызылорда облысында спорт саласының үздіктері марапатталды

Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или