Қайрат Сәтжанов БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысымен кездесті

Қайрат Сәтжанов БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысымен кездесті

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов ҚР Бокс федерациясының вице-президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Тұрсынханұлы Сәтжановпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу барысында облыстағы бокс спортын дамыту, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, жаттықтырушылар құрамының әлеуетін арттыру және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар өңірдегі бокс мектебінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жас спортшыларды қолдау және оларды республикалық, халықаралық жарыстарға жүйелі дайындау бағытында бірлескен жұмысты күшейту жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, облыстық бокс федерациясының қызметін жандандыру, бұқаралық спортты дамыту және сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар қарастырылды.

Кездесу қорытындысында алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қызылорда облысында спорт саласының үздіктері марапатталды

Прокурор: «Рахмонова бұрын кінәсін мойындаған, бірақ бүгін пікірі өзгерді»

Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или