Сәтпаевтың оңалуына «Челси» мамандары көмектесуде

Сәтпаевтың оңалуына «Челси» мамандары көмектесуде

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаевтың оңалуына «Челси» мамандары көмектесуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде «Қайрат» клубының президенті Қайрат Боранбаев мәлімдеді:

«Алматыда «Челси» мамандарын қарсы алғаныма қуаныштымын. Алекс пен Сэм «Қайрат» базасында біздің жаттықтырушылар штабы­мен бірге өте жақсы жұмыс жүргізіп жатыр.

Дастан Сәтпаевтың оңалу процесін де жеке талқыладық. Британиялық мамандар оның қалпына келуіне көмектесіп қана қоймай, алаңда да, залда да дене дайындығы бойынша өз тәжірибелерін бөлісті», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Сәтпаев жарақатына байланысты маусымалды оқу-жаттығу жиынына қатыса алмаған еді.

Қазақстандық клубтың қатары бразилиялық ойыншымен толықты

Қазақстан чемпионының түлегі «Атырауға» ауысты

Қазақстан Даму кубогын жеңіспен бастады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или