DAR Team командасының бас бапкері Алмабаевтың жарақатына қатысты пікір білдірді
DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (23-3) жарақаттан кейінгі қалпына келу процесі және келесі жекпе-жегінің уақыты туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Асудың қалпына келуі жоспар бойынша жүріп жатыр, бәрі жақсы. Жеке өзім оның мамыр айының ортасы немесе соңында октагонға шыққанын қалаймын, мүмкіндік болса. Біз тынымсыз жұмыс істеп жатырмыз, Асу бірде-бір жаттығуды жіберген жоқ. Жарақат алмаған дене бөліктеріне жүктеме бердік. Қолы да біртіндеп жазылып келеді», – деді маман.
Айта кетейік, 1 наурызда Алмабаев Мексикада UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Морено-мен жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда айқасқа бір ай қалғанда қолын сындырып, кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.
Қазіргі таңда Асу UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесі рейтингінде сегізінші орында тұр.
Асу Алмабаевтың жаңартылған рейтингтегі орны белгілі болды
Асу Алмабаев жарақатына байланысты пікір білдірді
Алмабаев — Морено жекпе-жегі неге өтпей қалғаны белгілі болды