Қазақстандық жас боксшылар Dracula Open халықаралық турниріне қатысуда
Румынияның Плоешти қаласында U15, U17 және U19 жас санаттары бойынша Dracula Open бокстан халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
16-21 ақпан аралығында өтетін жарысқа 18 елден (Қазақстан, Румыния, Италия, Өзбекстан, Украина, Молдова, Аустрия, Кувейт, Израиль, Польша, Венгрия, Латвия, Бельгия, Словакия, Болгария, Бразилия, Грекия және Сербия) жалпы 470 боксшы қатысуға ниет білдірген.
Айта кетейік, биыл U19 жас санатында «Болашақ Кубогы» (Таиланд) мен әлем чемпионаты өтеді. Ал жасөспірімдер төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын жазғы Олимпиада ойындарына (Сенегал) қатысады.
ҚБФ аймақтық бокс федерацияларының өкілдерін қабылдайды
Қазақстандық боксшы халықаралық турнирдің үздігі деп танылды
Виктор Темиров Германиядағы жеңістен кейін жанкүйерлерге алғыс айтты